сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 8 21.10.2023 19:25

Діни басқарма Израиль мен Палестина арасындағы қантөгіске алаңдаушылық білдірді

muftyat.kz

Діни басқарма Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдер арасындағы қақтығысқа қатысты алаңдаушылық білдірді.

Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жеріндегі қантөгіс күллі әлемге мәлім.

Діни басқарма екі тарапты бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге шақырады.