сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 22.10.2023 14:37

Түркістанда бес жастағы бүлдіршінді көлік қағып, мерт қылды

Түркістанда бес жасар бүлдіршінді балабақша көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Өкінішке орай кішкентай бүлдіршін қайтыс болған. 

Оқиғаның қалай болғанын баланың әкесінің туған бауыры Бақытжан айтып берген.

Оның сөзінше,қайғылы оқиға 20 қазан күні сағат кешкі 17:32-де болған.

"Кеше кешкісін баланы развозканың көлігі балабақшадан әкеп тастаған. Әкелгеннен кейін бала түсіп, көліктің алдынан әдетте өтетін. Көліктің есігі жабылғаннан кейін 5-10 секундқа жетпей, көлік ары қарай жүріп кеткен. Дәл алдындағы баланы мыжып өткен. Біраз жүргеннен кейін көлікті көршілер тоқтатқан. Сол кезде бала жан тапсырған. 2,5 тонналық көлік үстінен өтіп кеткен", - дейді Бақытжан.