сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 32 22.10.2023 17:5

"Жүгір немесе өл". Балалар арасында қауіпті ойындар белең алыр барады

vao-moscow.ru

Желіде қара киімді кішкентай баланың жолдан жүгіріп өтіп, досымен кездескен сәті тараған. Ал видеоны түсірген автор балалар арасында қауіпті ойынның тарағанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

 Бұл видео Риддер қаласында түсірілген.

Видео авторының хабарлауынша, бұған дейін тура сол бала өтіп бара жатқан көліктің дәл алдынан жүгіріп өткен.

"Қайырлы күн, Гемма дүкені, бүгін сағат 13:30-да біреудің балалары ойнап жүрді. "Жүгір немесе өл" деген ойын туралы барлығы естіген шығар. Капюшоны бар күртке киген осы бала қара көліктің дәл алдынан жүгіріп шыққан. Көлік жүргізуші тежегішті басып үлгерді. Ал баланың достары артынан бірге күліп тұрған. Ата-аналары өз балаларын танитын шығар. Ондайды жасамау үшін шара қолдану керек", - дейді видео авторы.

Алайда видеоға қатысты түрлі пікірлер көп. Оқырмандардың көбісі авторға сенбейтінін айтады. Себебі ешқандай көлік жолдан өтпеген.