сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 15 22.10.2023 20:59

«Міржақып. Оян, қазақ» фильмінің режиссері Мұрат Есжанға қазақстандық кәсіпкер көлік мінгізді

Мұрат Есжан. Фото: web.facebook.com

Белгілі бизнесмен Сырымбек Тау жаңа кеңсесінің ашылу салтанатында "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссеріне  көлік мінгізген. Осылайша кәсіпкер оған алғысын білдірген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Кәсіпкер:

«Бұл қазақстандық қоғамды кинозалдарда біріктірген тұңғыш фильм болды. Отандық картина көрермендердің жүрегіне жетті. Мұндай фильм режиссерінің еңбегі қандай құрметке де лайық, сол себепті ел жанашырына алғыс ретінде біз оған автокөлік сыйлауды ұйғардық», – деп атап өтті Сырымбек Тау.

Мұрат Есжан мұндай қымбат сыйлықты күтпегенін айтады. 

 «Мен бұлай болады деп күткен жоқпын. Шын мәнінде, мені компанияның жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына шақырған еді. Бірақ осындай сыйлық ұсынып жатыр. Шынайы ықылас-ниеттеріне алғыстан басқа айтарым жоқ», - деді режиссер.