сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 18 23.10.2023 12:15

Алматыда 10 жастағы қызды 60-тағы ер адам зорлағаны айтылды

Алматы облысында 10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адам ұсталғаны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алматы облысының полицейлері кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстаған. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, қазанның 17-сі күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хабарламада:

«17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.