сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 29 23.10.2023 14:43

Тәртіп сақшылары мереке күні қарсаңында қатаң тәртіп режиміне көшеді

esquire.kz

Мереке күні қарсаңында еліміздің тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істемек, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

24-26 қазан аралығында, Республика күніне орай Қазақстан полиция қызметкерлері қатаң әрі  күшейтілген режимде жұмыс істейді. 

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев брифингте бұл ақпаратты хабарлады. Оның айтуынша барлық жеке құрам үш күнге қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшірілетінін айтты. 

"Әр облыстағы әкімдіктермен бірлесіп, мәдени-көпшілік шараларды өткізу орындары келісілді, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының есебі дайындалды.  Осы күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген", - деді инспектор ведомствода өткен брифинг барысында.