сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 23.10.2023 16:26

Қазақстандық спортшы Азия пара ойындарынан екінші алтынды иеленді

olympic-astana.kz

Азия пара ойындарынан еліміздің спортшылары екінші алтынды қанжығаға байлады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Спортшы Ақмарал Науатбек IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды. Ол спортшы Қазақстан қоржынына екінші алтын медальды сыйлады.

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен спортшы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарының бас жүлдесін жеңіп алды.

Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын! - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.