сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 27 24.10.2023 12:5

СҚО-да жасөспірімдер ауруханаға басып кірген

СҚО-да үш жасөспірім балалар ауруханасына басып кіргенін хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеп. 

Құқық бұзғандар облыстық ауруханаға баса көктеп кіріп, науқасты соққыға жыққан.

Олар ішке кіріп медициналық қызметкерлерге "тапанша" тақап, дәрігер мен сырқат қызды ұрған. Аурухана басшысының айтуынша, жасөспірімдер аяғы сынып ем алып жатқан 15 жастағы дос қызына келген болып шықты.

Оны арнайы палатадан дәлізге алып шығып, кушеткаға отырғызған.

Жасөспірімдер науқастың басынан ұрып, соққылаған. 

Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.