сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 17 24.10.2023 14:40

Алдағы күндері ауа райы болжамы қандай болады?

smi24.kz

24-26 қазан күндері ауа температурасы төмендеп, күн салқындайды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы ҚазГидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік-батыста ауа температурасы 0-7 градус болса, еліміздің  солтүстік бөлігінде -5 +5 градусқа дейін төмендейді.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен алғашқы ызғар мен түнгі уақытта аяз сезіле бастаған. 

Республика көлемі бойынша екпінді жел соғып, жауын-шашын мен ақ ұлпақ қар да күтілуде. Ызғардан көк тайғақ пен мұз қатуы да күтілуде.

«Скандинавия түбегі аудандарынан суық арктикалық ауа массаларының кіруіне байланысты батыста, солтүстік-батыста және елдің солтүстік аймақтарында күн күрт суытады. Мәселен, республиканың батысында түнде ауа температурасы -6 +3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0-7 градусқа дейін, еліміздің солтүстігінде -5 +5 градусқа дейін болады», – делінген ҚазГидромет хабарламасында.

Мереке күні қарсаңында қазақстандықтар жылы киініп, жауын-шашынға дайын болу қажет.