сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 24.10.2023 15:47

Астанада Республика күніне орай "Түркістан" көрмесі ұйымдастырылды

gov.kz

Бас қалада Түркістанның бай тарихын баяндайтын көрме ашылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

​Республика күні қарсаңында Астанада төрткүл дүниенің тұғырлы мекеніне айналған Түркістанның бай тарихына арналған көрме ұйымдастырылды.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне орайластырылған іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өткізді.

Тарихтан сыр шерткен көрменің мақсаты – дала мәдениетінің әлемдік өркениеттегі ерекше орнын көрсету, түркі мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі тереңдету.

Іс-шараға Парламент депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, тарих және филология ғылымдарының докторлары, профессорлар, мұражай мен кітапхана өкілдері қатысты.