сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 18 24.10.2023 16:33

Жақында тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова Дубайға не себепті көшкенін айтты

Актриса Әсел Сәдуақасова Дубайға уақытша қоныс аударды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл ақпаратты актрисаның өзі әлеуметтік желіде айтқан.

Мағжан екеуіміз көктемде, Балиде тұрғанымызда шешім қабылдағанбыз. Біз күзде біраз уақыт Дубайда тұрамыз деп шештік. Міне, сол сәт келді. Бақыттымын. Күйеуімнің келгенін күтіп, өз ұямызды дайындаудамын, - деп жазды актриса.

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова біраз уақыт бұрын өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасағанын еске саламыз.