сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 16 25.10.2023 18:27

Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үйдің құрылысы бітіп, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жақсы жаңалықпен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бөлісті. Бас қаланың басшысы:

Біз 10 жылға жуық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған нысанды аяқтадық. «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үйдің 5 блогы салынуы керек еді. Ал үлескерлер саны – 400-ге жуық отбасы. Тұрғын үй кешенін өткізген кезде құрылысының 20 пайызы ғана аяқталған. Осылайша, тұрғын үй кешенінде ауқымды жұмыс жүргізілді, себебі құрылысынан бөлек гараждарды сатып алу, инженерлік желілерді толықтай орнату, құжаттарды ретке келтіру және т.б. қажет болды. Республика күні пәтер кілтін 2, 3, 4 блок үлескерлері алды. 1 және 2 блоктарда жұмыс жүріп жатыр. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – 4 мыңға жуық үлескер отбасы. Бұл үйлердің бір бөлігі салынып бітті. Осыған дейін 12 мыңға жуық үлескер отбасының мәселесі шешілген болатын. Бұл – 120 тұрғын үй кешені. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.