сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 63 25.10.2023 18:58

"Жалған сараптама тағайындап қойғанын білдік". Әнші Төреғали Төреәлінің адвокаты тың ақпаратпен бөлісті

Төреғали Төрәлінің адвокаты әншіге "жалған сараптама" тағайындады деген ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz тілшісі  Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Есірткіге мас болып, тәртіп сақшыларына ұсталған Ұлы Дала баласы Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған еді.

Әншінің қорғаушысы Эльнура Кішкенебаева оның есірткіге тәуелділігі жоқ екенін айтты. Адвокат Дина Төлепбергенге берген сұхбатында тың ақпараттармен бөлісті.

Көлікті тізгіндеген әнші полицейлерге ұсталған күні ешқандай есірткі, алкогольді ішімдік қолданбағанын айтады.

«Бізде үш сағаттай уақыт болды. Біз Төреғали Төреәлінің қайда екенін білмедік. Біз оны іздеп жүргенде біраз уақытымыз кетті. Ал ол кезде өздері жалған сараптама тағайындап қойғанын білдік. Бірақ біз қанға сараптаманы қайта тапсырып шықтық. Ол кезде қан құрамында ешқандай есірткілік заттар болмады», – дейді адвокат Эльнура Кішкенебаева.

Дина Төлепбергенге берген сұхбатта қорғаушы әнші Төреғали Төреәлі көлік жүргізер алдында қорқор шеккені анықталғанын айтады.