сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 129 25.10.2023 19:25

Қазақ тілін "мәмбет" деген бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

dalanews.kz

Қазақ тілін "мәмбетше" деген бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Алматы полиция департаментінің мәлімдеуінше, күдіктіге Қазақстан заңнамасына сай шара қолданылғаны белгілі болды. 

Бойжеткен "ұлт араздығын туғызған" деген айыппен жеті жылға сотталуы мүмкін.

Әлеуметтік желіде қазақ тілін ұнатпайтынын ашық айтып, тікелей эфирде ауылдан қалаға келген тұрғындарға тіл тигізген болатын.

«Маған қазақ тілі ұнамайды, сондай мәмбетше тіл ғой. Ауылдан келген мәмбеттер жынымды келтіреді, солардың кесірінен қаламызда жол тығыны болады. Маған қазақ тілі ұнамайды. Қырғыз тілі де, қазақ тілі де мәмбетше тіл»,- әйел адамның осылай дегенін еске саламыз.

Ел билігі осыған дейін жергілікті тұрғындарды кемсіткен бірнеше адамның үстінен іс қозғаған.