сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 26.10.2023 11:46

Қайрат Боранбаевтың інісі мен оның серіктесіне қатысты үкім шықты

архив kursiv.media

Астанада Қайрат Боранбаеватың туыстары Әбілхан Боранбаев пен Дәурен Қазбек сотталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіге сілтеп.

19 қазан күні Астанада Әбілхан Боранбаев пен Дәурен Қазбекке қатысты пара алу бойынша арнайы қылмыстық іс қаралды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Боранбаев лауазымды қызметтегі Қазбек және Ш.-ға 1,6 млн.теңгеден астам пара бергені айтылды.

Алайда күдікті Ш. тергеу кезінде қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылған болатын.

Сот үкімі бойынша Боранбаев 4 жыл 6 ай мерзімге, ал Қазбекке 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

“Сот Боранбаевтың 4 баласы бар екенін, кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсенді ықпал еткенін ескерді. ал Қазбектің үш баласы бар екені, кінәсін мойындағанын және шын жүректен өкінгені жеңілдететін мән-жай ретінде қаралды”, – деп мәлімдеді.