сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 40 26.10.2023 12:14

Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде кино сататындарға ренішін білдірді

Танымал кино режиссер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде киноны сататындарға наразылығын білдірді, деп хабарлайды Teznews.кz ақпараттық порталы.

“Достар, бүгін мереке ғой, дегенмен бір жағымсыз тақырыпта әңгіме қозғағым келіп отыр. "Келінжанның" толықметрі шыққалы YouTube, Telegram желілеріне жүктеп жатқандардың есебі жоқ. Біз қашан адам боламыз?! Біреудің еңбегіне осыншама қастандық жасауға бола ма?! YouTube желісінен осы уақытқа дейін 60-қа жуық видеожазбаны бұғаттадық. Сонда да таусылмайды. Ел де көруге құмар.

Санамыз қашан өседі біздің?! Біз авторлық құқықты қорғай алмайтын қоғамда өмір сүреміз. Telegram-ға түк те істей алмай жатырмыз. Ол жақтағылар көшіріп, 500 теңгеге сатып жатыр екен. Түбін табу мүмкін емес. Мұндай қарақшылықты қолдамаңыздаршы, өтініш! Үйіңдегі дүние-мүлік пен қораңыздағы малды ұрлағанмен бірдей ғой”, – деп ренішін айтты ол.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлнұр Мамасарипова "Келінжан" кино туындысының продюссері. Бүгінде аталмыш фильмнің 5-ші маусымы жарық көрген.