дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 26.10.2023 14:18

Қайрат Боранбаевтың қашан босап шығатыны айтылды

Бұрынғы кәсіпкер Қайрат Боранбаев екі аптадан кейін босап шығуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Боранбаевтың ісіне қатысты сот шешім қабылдады. Бұл шешім заңды күшіне енгеннен кейін жазасын өтеушінің қашан шығатыны анықталмақ.

Бұл жөнінде бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтқан.

Бүгінгі таңда соттың шешімі қабылданды. Енді сот шешімі күшіне енгенін күтеміз. Бір аптадан кейін шығуы мүмкін, – деді Әсет Шындалиев.