дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 26.10.2023 15:17

Шымкентте жалған нөмір жасаған цех табылды

Шымкентте жалған нөмірлер жасайтын астыртын цех анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеп.

«Түркістан облысының полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөліктерге арналған жалған мемлекеттік нөмірлерді заңсыз дайындайтын цехты анықтады», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Осылайша, Самара-Шымкент тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасады деген күдікпен «Нива» көлігін ұстаған.

«Мемлекеттік нөмірлер басқа көлікке тіркелген болып шықты. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында полицейлер жедел іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізді. Нәтижесінде Шымкентте жедел уәкілдер жалған нөмірлер жасайтын цехты анықтап, жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде ер адамның жанынан мемлекеттік нөмірлерді жасайтын машина, 100-ден астам нөмір және 101 голограммалық жапсырмалар табылды», - деп хабарлады полиция.

Заттай айғақ алынып, мән-жайлар анықталып жатқанын айтады.