дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 11 26.10.2023 16:51

Ташкент билігі халал мейрамханаларды жабуға шешім қабылдаған

Өзбекстан билігі діни радикализммен күресті күшейтудің бейресми шараларын қатаңдатқаны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz.

Бұл туралы «Азаттық радиосы» мәлімдеді.

Соңғы аптада Өзбекстан билігі 10 халал мейрамхананы жабуға шешім қабылдағаны анықталды. Он мейрамханаларда алкоголь сатылмаған болып шықты. 

Аталмыш он мейрамхана иелерінің сөзінше биліктегілер тамақтану орындарын қайта ашу үшін спирттік ішімдіктерді садалау керектігін айтыпты.Дегенмен Ислам діні бойынша ішімдікті қолдану мен саудалауға рұқсат жоқ болса да билік мұны ескермеген.

Кәсіпкерлердің айтуынша мейрамхананы тексеруге келгендер кәсіп орынды неге жапқанын айтпаған.

"Азаттық радиосының" жазуынша жабылатын мейрамханаларды тексеру әрекеттері де болған. Әкімдік қызметкерлері мейрамханаларға келіп, ішімдік тапсырыс беріп, діни бөлмелердің бар-жоқтығына көз жеткізген-мыс.

Осы тексерулерден кейін жабылуға тиіс мейрамханалар тізімі жасалған.