дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 14 26.10.2023 17:3

Иранда актрисаларға хиджабсыз киноға түсуге рұқсат жоқ

aquila-style.com

Иранда хиджаб киюден бас тартқан актрисалар енді киноға түсе алмайды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық агенттігі.

Иран кинематографияны кәсіби бағалау және қадағалау басқармасы басшысының орынбасары Хабиб Иль Беги кино саласындағы өзгерістерімен IRNA мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында бөліскен.

Оның айтуынша, хиджабсыз актрисаларға киноға түсуге тыйым салынған. Алайда осы уақытқа дейін хиджабсыз актрисалардың қатысуымен түсірілген фильмдер экранға шығуды жалғастырады. Себебі оған ақша үлкен қаражаттар жұмсалған.

Иранның мәдениет және исламдық бағдар министрі Мұхаммед Мехди Эсмаили хиджаб кию заңмен бекітілгенін айтады.

"Біз бұл заңды орындаймыз", - деді ол.