дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 52 26.10.2023 18:29

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт 3 баланың әкесін қуантты

massaget.kz

Әлеуметтік желіде "Бетпердедегі адам" есімімен танымал блогер тағы бір отбасыны қуантты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Massaget.kz-ке сілтеп.

Қара бетперде киген жігіт 3 балалы әкеге көмек көрсеткен.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт осы жолы кәмелетке толмаған 3 баланың әкесіне қаржылай көмек көрсеткен. 

Белгілі болғандай азаматтың әйелі, балалардың анасы жатыр мойны қатерлі ісігінің қауіпті кезеңінде. Ал азаматтың сол жақ көзіне ақ шел түскен. Отбасының газы жоқ, ыстық суы жоқ жалдамалы үйде тұратыны бетпердедегі жігітті алаңдатқан.

"Балаларды мектептен алып келе жатыр едім. Жүріңіз, үйге кірейік. Өзімнің бір көзім дұрыс көрмейді. Әйелімде қатерлі ісіктің 4-ші стадиясы дейді. Онкологиялық қатерлі ісік. Осы жалдамалы үйде тұрып жатырмыз. Тамағын пісіремін, кірін жуамын, балаларды қарсы аламын. Тек жолдасым жазылып кетсе екен деймін. Жұмыс жасағым келеді. Бірақ қалай жасаймын. Ана жақта үш балам отыр, мына жерде әйелім ауырып жатыр", - дейді видеода ер адам.


Әкенің бұл сөзіне блогер жылы жауаап беріп, оларға көмек көрсетуді сұраған.

"Рұқсат болса, сіздерге конверт алып келіп едік. Соны ашып қарайсыз ба?! Жолға дайындалсаңыз болады. Бұл қаражатпен өзіңізге ота жасайсыз және әйеліңіз ем алады", - дейді қара бетперде киген жігіт.

Өзгеден көмек күтпеген азамат еріксіз көзіне жас алды. Ол өз сөзінде 2 жылға жуық уақыт бойы өзін ұстап, жыламай жүргенін айтып қалды. 

Ал қара бетперде киген жұмбақ адам бұл отбасыға дейін бес баласы бар мүгедек әкеге көлік пен баспана алып бергені айтылған болатын.