дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
7 27.10.2023 15:41

Мысырда қазақстан азаматтарын елге жібермей қойған

видеодан алынған

Мысырда қазақстандық отбасыны елге жібермей қойған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Ренат Шанғараев есімді қазақстандық әлеуметтік желіде Мысыр әуежайында ұсталғанын айтып, видео жүктеді.

Қазақстанның азаматы Мысырға отбасымен бірге демалу үшін келген.

Ренат Шанғараев төрт және сегіз жасар қыздарымен "Компас" туристік компаниясының қызметін қолданған.

“Мені әуежайдан алып кетіп, төлқұжатымызды алып, 27 сағат ұстап отыр. Не деген сұмдық. Сондай-ақ не үшін ұстап отырғандарын айтпайды. Консулмен хабарласа алмадық. Мен интернеттен тапқан нөмірлері жауап бермейді. Мысырдан кетуге де рұқсат бермеді. Бізді екі полиция күзетуде”,  – деді ер адам.

Тіпті ер адамға Мысыр билігі не болғанын айтпай, еш ескертусіз ұстағанын айтады.

“Егер қылмысқа қатысым болса немесе күдіктенсе, онда неге олар айыптап, істі сотқа бермейді? Ал ешқандай себеп болмаса, онда еркін адамды айыптаусыз неге ұстап отыр?  Мен тіпті қайтадан жаңа билет алуға дайынмын", – деді қазақстандық әке.

Қазір шетелде жүрген азамат қазақстандық құзыретті органдардан көмек сұрайды.