дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 46 27.10.2023 16:31

Руслан Берденов мәжілістегі айлығынан бас тартқанын айтты

respublica-partiyasy.kz

Депутат Руслан Берденов мәжілістегі айлығы өзіне жетпейтіндігін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz ақпараттық агенттігіне сілтей отырып. 

Мәжілісмен Руслан Берденовтың "Айлығым жыртығымды жамамайды" деген сөзінен кейін біраз дау туындаған еді. Депутат:

Бұл хайп емес. Басында бұл туралы мен еш жерде айтпағанмын. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаровтан журналистер «сіз бизнестегі адамсыз ғой, айлық аласыз ба?» деп сұрайды. Ол «біз өзара партиядағы әріптестерімізбен айлығымызды қайырымдылыққа береміз деп шештік» деп жауап береді. Осындай ақпарат тарағаннан кейін тілшілер маған «сіздің әріптесіңіз Айдарбек айлығынан бас тартыпты. Сіз ше?» деген сауал қойды. Бір сұхбатымда «Мәжілістегі айлық менің бір жыртығымды жамамайды» дедім. Осыдан түсініспеушілік пайда болып, «Мынау менсінбей тұр ма?» деген сияқты пікірлер пайда болды, - деді депутат.