дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 28.10.2023 21:20

Қарағанды облысындағы шахтаның жарылу себебі айтылды

Костенко шахтасындағы жарылыс толқыны 2 шақырымға жеткені анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директорының орынбасары Геннадий Силинский брифинг барысында мәлімдеді.

Жарылыс толқыны 2 шақырым жерге жетті. Шахтада тексеру жұмыстары 9 қазаннан 30 қазанға дейін жүргізілуі тиіс еді. Алдыңғы тексерулердің нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық табылған. Негізгі бұзушылық – газ мөлшерін бақылаудың сапасыздығы. Бұл ретте тиісті бақылау болмаған, - деді Геннадий Силинский.