дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 29.10.2023 17:17

Қарағанды облысының әкімі асыраушысынан айырылған отбасылармен кездесті

Ермағанбет Бөлекпаев қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарының отбасыларымен кездесіп, көңіл айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы облыс басшысы Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Бүгінгі күнді қайтыс болған кеншілердің туыстары мен жақындарына барудан бастадым. Оларға көңіл айтып, қолдау білдірдім.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі отбасыларға материалдық қолдау мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және өзге де қажетті көмек көрсету шараларын іске асыру үшін жедел тәртіпте жұмыс жасауда. Әр отбасы көтерген мәселелер жекелей шешілетін болады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда.
Мен сіздерді қабылданған шаралар туралы хабардар етіп отырамын",-деп жазды облыс әкімі.