дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 29.10.2023 17:20

Апаттан аман қалғандар ауруханаға жеткізілді

Шахтадағы апаттан зардап шеккен 28 адам Қарағанды, Абай, Шахтинск қалаларындағы аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізіліп, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазір 24 кенші ауруханаға жатқызылған. Олардың қатарында жеңіл және орташа улы газбен уланған науқастар Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикология бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ, бұл бөлімде 20 кенші ем алып жатқаны белгілі болды.

Ал бір науқас қабырғасы сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша оның жағдайы тұрақты және есін біледі. Ал тағы бір зардап шегуші травматология бөлімінде.