дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 30.10.2023 14:57

Қазақстандық бойжеткендерді құлдықта ұстаған

"Қорғаста" қазақстандық жас бойжеткендерді құлдықта ұсталғаны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Полиция мәліметінше, "Қорғаста" әрбір нысан тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, негізінен шетелдік азаматтарды ғана қабылдап отырған. Олардың ішінде интимдік қызмет көрсетумен айналысқан қазақ қыздары да бар. 

«Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады. Сондай-ақ интимдік қызмет көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел бар. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жетісу облысының полиция департаментімен жүргізіледі», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.