дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 12 30.10.2023 18:33

Әскери борышын өтегендер жоғары оқу орнында тегін білім алады

Елімізде борышын өтегендер тегін білім алады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әскери қызметтен кейін азаматтарға тегін білім алу мүмкіндігін беруді қарастыратын «Срочники 2.0» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы "Срочники" жобасы туралы айтты.

Осыдан бір жыл бұрын Қорғаныс министрі жетпіске жуық жоғары оқу орындарының басшыларымен меморандумға қол қойып, әскери қызметін үздік өткерген сарбаздар үшін жоғарғы оқу орындары есебінен тегін білім алу мүмкіндігін беруге келіскен болатын. Бұл мүмкіндікті Қарулы күштердің ғана емес, басқа да әскери күштердің сарбаздарына да беруді тапсырды. Әрине бастапқы кезеңде бұл жобаның іске асуына күмәнданушылар аз болған жоқ, - деп ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы.

Биылғы жылы Отан алдында әскери борышын өтеген 3 мың азаматқа Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындарына тегін түсу үшін жолдама берген.