дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 61 30.10.2023 18:47

Екібастұзда бүлдіршін ыстық суға күйіп, қайтыс болды

liter.kz

Үш жасар бала Екібастұзда қайнаған суға күйіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Екібастұзда 30 қазан күні сағат 2:25-те үш жасар бала қайнаған суға күйіп қалған.

"Жедел жәрдем бригадасы алты минутта оқиға орнына жетті. Келген кезде баланың көз жұмғаны анықталды. Ол 2-3-дәрежелі қайнаған судан термиялық күйік алған. Күйік ауданы – 40%. Қыздың арқасы, аяғы, шап аймағы мен жамбасы күйген", – деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүлдіршіннің анасы баланың 29 қазан күні түстен кейін қайнаған суға күйіп қалғанын айтады. 

Қыздың тоғыз жасар әпкесі оны шомылдырмақ болып, үстіне ыдысқа толтырылған ыстық суды төгіп алған.