дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 15 30.10.2023 19:5

Алматыда ер адам бойжеткенге қол көтерді

Ер адамның қызды ұрған, үстіне сұйықтық құйып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл оқиғаға қатысты полиция анықтама берді.

Ер адам қыз баланы 30 қазан күні сағат 01:20 шамасында Алматы қаласы, Жетісу-2 шағын ауданында ұрған.

Видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған адам ер адамды жазалауды сұрайды.

"Сағат 01:20 шамасында Жетісу-2 шағынауданы, 35 үйдің ауласында ер адам қызды ұрып жатыр. Қызды ұрып-соғатын осындай хайуанды тауып, жазалауды сұраймын! Бұл не деген бассыздық, онымен қоса қоғамдық тыныштықты бұзып, қатты айқайлап, тұрғындарды оятып жатыр", – делінген видеода.

Әуезов ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

"Оқиғаға қатысты тұлғалар анықталды. Қыз арыз жазудан бас тартты, ешқандай шағымы жоқ екенін айтты. Соған қарамастан 33 жастағы А. есімді азамат "Ұсақ бұзақылық" және "Қоғамдық орынды ластау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД.