дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 520 30.10.2023 19:46

"Келінімнің есімі – Индира". Гүлзира Айдарбекованың кіші ұлы екінші рет үйленді

ашық дереккөз

Әнші Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар Нұртас екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Айдарбековтер шаңырағына кенже келін түсті.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың кіші інісі, продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже баласы Заңғар үйленіп, сүйінші сұрады.

2023 жылдың наурыз айында әнші Заңғар Нұртас үйленіп, Жібек есімді арумен шаңырақ көтерген еді. Алайда қос жұптың некелері сәтсіз болды.

“Көңіл-күйім тамаша! Бақыттан басым айналып тұр. Сәл қобалжып тұрмын. Ақ тілек жолдап жатқан халқыма рақмет!”, – дейді үйленіп жатқан Заңғар Нұртас.  

Құдағи болған Гүлзира Айдарекованың айтуынша, болашақ келіні Шымкенттен екен.

“Барлық ағайын-туысты жинап, құдалыққа аттандық. Келінімнің есімі – Индира. Шаңырағымызға құт болып келсе екен деген аналық тілегім бар. Оңтүстік өңірі салт-дәстүрлі қатты ұстанатынын білесіздер. 1 жүк көлігіне артып тойшашу мен жөн-жоралғы әкелдік. 5-6 жігіт түсіріп, үлгермей жатыр. Келінімізге сырғамызды салып, ұзатып алып кетеміз”, – деді ол.

Еске салсақ, Гүлзира Айдарбекованың үйіне ұры түсіп, тонап кеткенін жазған болатынбыз.