дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 18 31.10.2023 12:16

"Нағыз патриот". Кішкентай балалар көпті сүйсінтті

Әлеуметтік желіде балабақшалардың бірінде түсірілген бейне ролик көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Тасқала ауылындағы түсірілген роликте бір топ бүлдіршіннің ырғақты музыкаға секіріп, билеп жүргенін байқауға болады.

Ойын-күлкінің арасында мемлекеттік Әнұран қосылып, балалар бір сапқа тұра қалады. 

Балалар салтанатты композицияны орындау үшін бір қатарға тізіліп, Әнұранды дауыстап шырқайды.

Желі қолданушылары қылығы тәтті бүлдіршіндерге тамсанып, жақсы лебіздерін жаудыруда.