дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 31.10.2023 13:46

Киік мүйіздері шетелге сатыла ма?

Экология және табиғи ресурстар министрлігі шетелге киік мүйіздерін сататыны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы "Власть"-қа сілтеме жасап.

Министрлік киік мүйіздерін шетелге сатуға квота алу үшін CITES хатшылығына құжаттарды жіберді деген ақпарат таратты. Ведомствода:

“Қазіргі уақытта халықаралық нарықта киікті, оның ішінде мүйіздерін коммерциялық пайдалануға нөлдік квота белгіленді. Халықаралық сарапшылардың ұсынысымен министрлік киіктерді республикадан тыс жерлерге сату мақсатында квота алу үшін қажетті құжаттарды дайындап, CITES Хатшылығына жібереді. CITES конвенцияларының келесі сессиясы 2025 жылы өтеді”, – делінген.