дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 31.10.2023 14:0

Месси "Алтын допты" тағы да жеңіп алды

Танымал спортшы Месси "Алтын доп" жүлдесін сегізінші рет жеңіп алды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2023 жылғы «Алтын доп» иегері Лионель Месси болды. Футболшы Париждегі «Шатл» театрында өткен кеште 8-ші рет марапатқа иегері атанды.

France Football таңдауы бойынша «Интер Майами» командасында ойнап жүрген аргентиналық шабуылшы ең көп дауысқа ие болған. Жеке рекордын жаңартып қана қоймай, MLS тарихында «Алтын доп» алған алғашқы футболшы болды.

Бас жүлдені алған Месси болса, екінші орынға Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), одан соң Килиан Мбаппе (ПСЖ) мен Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити»)болды.