дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 31.10.2023 16:1

85 жастағы қарияны соққыға жығып, тонап кеткен

ашық дереккөзден

85 жастағы зейнеткерді соққыға жығып, тонап кеткені анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 қазан күні сағат 11.30-да 85 жастағы қарияның үйіне белгісіз азамат келген. 1938 жылғы зейнеткердің үйінің есігін ашады. Есіктің ашылғанын пайдаланып ұрылар кейуанаға бірнеше соққы жасаған.

Содан кейін үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың Ресей рублін (5 мыңдық купюралар) ұрлап кеткен екен. Келген залал көлемі – 3,5 млн теңге.

Қылмыстың орын алғаны туралы ақпарат түсісімен полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Арнайы жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Орал қаласының 1991 жылғы тұрғыны анықталып, қолға түсті. Тексеру барысында оның бұрын алаяқтық, ұрлық және тонауға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ұрланған ақша жартылай тәркіленді. Ұсталған күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады БҚО ПД.