дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 31.10.2023 16:29

Тойда баланы тепкен даяшы көптің ашуын тудырды

Тойда даяшыны баланы теуіп жіберген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде даяшы қыздың кішкентай той қонағын теуіп жібергені желіде жарияланған.

Ол той тамағын ортаға алып шыққан сәтінде қақ алдында кішкентай бала тұрып қалған. Даяшы табақтағы асты төгіп алмау үшін баланы теуіп, жолдан алуға тырысқан. Желі қолданушылары бұл әрекетті қызу талқылап жатыр.

"Бұл не сұмдық",  "Осы балаларды неге тойға апарады екен? Бишілер мен даяшылардың аяғына оратылып жүреді әйтеуір", "Қыз айналып өтсе болар еді", "Қыз тәрбие көрмеген. Баланы теуіп не көрінді сонша!", - деп жазған желі қолданушылары.