дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 774 31.10.2023 16:45

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қанша қалың мал бергенін айтты

Гүлзира Айдарбекова келіні Индираның қалың малын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Айдарбековтар әулеті ең кіші ұлы Заңғар Нұртасты екінші рет үйлендірді. Олар Шымкентке құдалыққа барды.

Әнші Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова үшінші келінінің құдалығына барып, қалың малын берді.  

Әке күші - 500 мың, ана сүті - 500 мың, қалың малы - 10 мың доллар, сосын өлі-тірісі бар, - деді Гүлзира Айдарбекова құдалық барысында.

Ол Шымқаладағы құдалыққа дайындалып келгенін де айтады.

"Қазақстандағы ТОП құдалықтардың бірі болды! Құдаларымыз керемет адамдар екен", "1 жүк көлігін толтырып әкелген заттарды 5-6 бала болып жабылып жүріп түсіріп алдық", - деп жазды ол.