дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 143 01.11.2023 16:54

Мейрамбек Беспаевтың жарнамасына сенгендер сан соғып қалған

Музарт тобының әншісі Мейрамбек Беспаевтың жарнамасына сеніп, алданғандардың бар екені анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Халықтың қаражатты қайтару керектігін талап етіп, шу шығарғаны туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Әлеуметтік желіде “Қытайдан тауар әкеліп беремін” деп халықтан ақша жинап алған жалған кәсіпкерге іздеу жарияланған. 

Алайда Мейрамбекке алданып сан соққандар мен “Бизнес бастауға 700 миллионға жуық қаражат бердік” деген халықтың қарасы көп.

Арайлым Қожамұратова есімді бойжеткен “Айс Мұратова” деген лақап атпен танылған. Блогер-сатушыны жарнамалағандардың бірі әнші, қазақ эстрадасының танымал жұлдызы Мейрамбек Беспаев болған.

Желі қолданушылары Мейрамбек Беспаевқа да түрлі пікірлер қалдыруда:

“Гүлзира Айдарбекова сияқты жарнама жасаймын деп беделіңді түсірдің”, “Алаяқтықты қолдап жарнама жасағаны үшін жазаға тартып, жауап алынуы керек”, “Мейрамбекті де қайырымдылық шарасы деп өтірік алдаған”, “Жарнамаңа қанша теңге алдың?”