дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 16 02.11.2023 10:47

Алматыда мас күзетші мектеп оқушысына тиіскені айтылды

Алматыда күзетшінің алтыншы сынып оқушысына тиіскен видеосы тарады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Видеоны жариялаған автор бұл сұмдықтың Алматы қаласындағы №160 орта мектепте болғанын айтады. Автор: 

“Оқиға қалай болған? Мұғалімі бірдеңе беріп жіберу үшін қызды шақырған. Бірақ өзі күтпей, затты күзетшіге қалдырған. Қыз келген кезде күзетші мас күйде болған. Бізде күзетшінің қызға тиісіп, сүйіп, өзіне тартып жатқан видеосы бар. Құдайға шүкір, қыз қашып үлгерген", — дейді бейнежазба авторы.

Білім басқармасы бұл фактіде жауапсыз қалмады:

“№160 орта мектепте қауіпсіздік қызметін көрсететін "Altyn Alem Group" ЖШС-нің қауіпсіздік қызметіне қатысты мектеп әкімшілігі тиісті хаттама толтырды. Өз кезегінде ЖШС-ге келісімшартты бұзу туралы шағым және хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, күдікті 15 тәулікке қамауға алынды”, – делінген білім бөілімінің хабарламасында.

Қазір мас күзетшіге қатысты қылмыстық іс қозғалуда.