дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 17 02.11.2023 13:49

Арыстық оқушы әлем университеттеріне шақырту алды

ашық дереккөзден

Қазақстандық 11 сынып оқушысы әлемнің 21 университетіне оқуға түскен, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы Арыс қаласының 11-сынып оқушысы Шапағат Сейілхан әлемнің 21 университетінен оқуға түсуге шақырту алған екен.

Үздік оқушы былтырдан бері ағылшын тілінен халықаралық емтихан тапсыруға дайындалып жүрген.

Шапағат 6-сыныптан бастап ағылшын тілін жетік меңгерген. Ол емтихан тапсыру кезінде жоғары ұпайды еншілеп, әлемнің 21 университетінен оқуға түсу бойынша шақырту алған.

"Мен екі университеттің бірін таңдағым келеді – Калифорния немесе Чикаго университеті. Өйткені, Чикаго университеті АҚШ-та ғана үздік емес, әлем бойынша озық", – дейді 11-сынып оқушысы.

Мектеп оқушысының пікірінше, оның шетелдік университетке түсуіне дұрыс жазылған мотивациялық хаты себін тигізген.