дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 19 02.11.2023 14:39

Ақордаға келген франциялықтар жылқы етін қатты ұнатқан

Ақордаға келген франциялық қонақтар жылқы етін ұнатқан, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жылқы етін Францияға экспорттау туралы жоспармен бөлісті.

Ол қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару қажеттігін атап, франциялықтардың жылқы етін қолданатын мемлекет екенін атап өтті.

"Кеше біз франциялықтармен жылқы етін экспорттау туралы тақырыпты қозғадық, өйткені Франция жылқы етін тұтынатын ел. Қазір Жапонияға тасымалдайтын 32 жеткізушіміз бар, енді оған қоса Францияға экспорттау көлемін ұлғайту керек. Кеше де оларға еттен дәм татуды ұсындық", – деді ол.

Серік Жұманғарин франциялықтарға тамақтану барысында "тағы салып беруін сұрағандарын" да жасырмады.