дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 02.11.2023 16:32

Тоқаев Венгрия премьер-министрін "қыпшақ" деп атады

khabar.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия премьер-министрін "қыпшақ" деп атады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Венгриялық Виктор Орбан мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз жүргізді. 

Басшы Тоқаев Орбанға өзінің тарихи отанына келгенін айтып, венгрлердің өткен тарихына тоқталды. 

"Сізді Қазақстанда қыпшақ болғандықтан жақсы біледі, құрметтейді. Ата-бабаңыздың туған жеріне келдіңіз деп айта аламыз", – деді президент.

"Үйге оралған әрине жақсы сезім сыйлайды. Мажарлар Қазақстанға үлкен қуанышпен келеді. Өйткені бізді мыңдаған жылдық ортақ тамыр байланыстырады. Венгрия әрқашан Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болды және солай жалғаса береді. Венгрия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас әсіресе экономика саласында бұрынғыдан да жақсырақ", - деді ол.