дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 15 02.11.2023 16:48

Димаш Құдайберген болашақ жары туралы айтты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген болашақ жарына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Танымал әнші Димаш Құдайберген мамыр айында алғаш рет Арменияда болған еді. Ереванда болған ол журналистерге сұхбат берді.

Әнші жеке өміріне қатысты сұрақтарға да жауап беріп, қазір өз жүрегі бос екенін айтты. 

“Жеке өмір жеке болғанын қалаймын. Себебі мен болашақта әйелімді көрсеткім келмейді. Әрине, егер ол жұрт алдында жүрген болса, әңгіме басқа. Мен, менің шығармашылығым, концерттерім туралы айтылғаны маңызды”, – деп жауап берді журналистерге әнші.