дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 02.11.2023 20:38

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен оқ атылған

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен оқ атылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Алматы қаласының полициясы көпқабатты үйдің терезесінен оқ атқан ер адамды ұстады. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз ер адамнан үш патроны бар RETAY PT24 сигналдық тапаншасы тәркіленген.

"Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желідегі дабыл бойынша жедел әрекет ету аясында тұрғын үй кешендерінің бірінің балконында ауаға екі рет оқ атқан Атырау облысының тұрғыны 2000 жылы туған Х. есімді азаматты анықтап, ұстады", - делінген хабарламада.

Ол айыппұл арқалады.