дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 617 03.11.2023 8:20

Оқу-ағарту министрінің балалары қандай мектепте білім алады?

ашық дереккөзден

Еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев өз балаларының оқитын мектебі жайлы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілінің қойған сауалына тосылмастан жауап берді. Ол бес баласының екеуі оқушы екенін, қарапайым мектепте оқитынын айтады.

Бес баламның екеуі оқушы. Олар мемлекеттік мектепте оқиды. Бұл мектеп үш ауысымды мектеп екенін де қоса кетейін. Сондықтан мен министр ретінде ғана емес, ата-ана ретінде де жүйенің барлық проблемасын білемін, - деп жауап берді министр. 

Ғани Бейсембаевқа дейінгі министр Асхат Аймағамбетов те өз баласының мемлекеттік мектепте оқитынын, мектеп жиналыстарынан қалмайтынын айтқан еді.