дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 43 03.11.2023 8:26

Студенттердің шәкіртақысы қанша пайызға артады?

azh.kz

Министр студенттердің шәкіртақысы тағы да өсетінін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеп, колледж студенттерінің стипендиясы келесі жылы 50%-ға өсетінін хабарлады. Ол:

"Биылғы оқу жылынан бастап студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында стипендия 50%-ға өсті, ал 2024 жылы тағы 50%-ға арттыру көзделіп отыр", – деді министр.