дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 92 03.11.2023 10:51

Жас келіндердің басты қателігі қандай? - Светлана Айтбаева

Димаш Құдайбергеннің анасы Cветлана Айтбаева "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақ болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әлемге әйгілі әнші Димаштың анасы отбасындағы жас келіндердің басты қателіктерін айтты. 

Біздің қатарластырымызда ренжісу, екі жаққа кетіп қалу, ажырасу, төркініне қайтып кету деген сияқты жайттар болмаған екен. Менің ойымша қазіргі жас келіндерге қажет дүние, "бас сынса, бөрік ішінде" дейді ғой. Отбасындағы ошақ басындағы әңгімені сырт жаққа тасымау керек. Ер азаматын ағайын-туысына, төркініне, қайын жұртына жамандап айтпау керек. Сол кезде ғана отбасында береке, тыныштық, керемет бірлік болады деп санаймын, - деп айтты әнші.

Светлана Айтбаева қазір жаңа түскен келіндер аналарына хабарласып, көп шағым айтатынын да жасырмады. Оның пікірінше бұл жайттан алшақ болу керек.