дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 137 03.11.2023 11:25

Елжан Біртанов мемлекетке шығынын өтеу үшін 561 жыл өмір сүруі керек

Денсаулық сақтау саласын басқарған хэкс-министр Елжан Біртановтың мемлекет алдындағы шығынын толық өтеу үшін 561 жыл өмір сүруі керек екені айтылды, деп хабарлайды Teznewws.kz ақпараттық порталы Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен Елжан Біртановқа бес жыл, оның орынбасары болған Олжас Әбішевке төрт жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Сондай-ақ олар 1 миллиард 300 миллион теңгені мемлекет пайдасына төлеуге міндеттелген.

Бұл қомақты қаржының орташа төлемі бойынша әрқайсысы 675 миллион теңгеден төлеуі тиіс екен.

Әділет министрлігі пробациялық бақылауға алынған экс-шенеуніктер жекеменшік компанияларға жұмысқа орналасқан.

Осы күнге дейін Елжан Біртанов 945 мың теңгесін өтесе, Олжас Әбішев 260 мың теңгеге жетпейтін ақша төлеген. Себебі ол айына 43 мың теңгеден төлеп отыр.

Есеп бойынша Олжас Әбішевтің шығынды толық өтеуіне 1300 жыл уақыт керек. Ал Елжан Біртановқа 561 жыл керек болып шықты.