дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 63 04.11.2023 11:6

Мейірғат Амангелдин анасы мен жан-жарының ара-қатынасы туралы айтты

ашық дереккөзден

Мейірғат Амангелдин анасы мен өмірлік серігінің ара-қатынасы жақсы екенін айтып, жеке өміріне тоқталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Танымал қазақстандық актер Мейірғат Амангелдин отбасылық өмірі жайлы ашып айтты.

Өнер иесі телеарнаға берген сұхбаттарының бірінде отбасында бақытты екенін айтты. Оның сөзінше анасы мен жарының тату.

"Менің анам мен жан жарымның қарым-қатынасы өте жақсы. Ол жағынан жолым болды. Анам кеше Сарыағаштан келді. Қазір екеуі үйде. Өздері желіде контент түсіреді. Қарым-қатынастары жақсы. Соған шүкір деп айтамын. Үйде анаң мен жан жарың тыныш болса болды ғой. Сол кезде бәрі тыныш. Барынша уақыт бөлуге тырысамын. Кино мен таетрдан қол босаса, бірден отбасыма көңіл бөлемін", -деді актер.