бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 6 20.12.2022 16:59

Ресейдің келесі нысаны Молдова болуы мүмкін

pravda.com.ua

Ресей Молодоваға да басып кіру мүмкін, деп хабарлайды teznews.kz PRANOIA.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жазбада сол елдің қауіпсіздік және барлау кеңесінің басшысы 2023 жылы Ресей Молдоваға басып кіруді ойластырып жатқанын мәлімдейді.

«Ресей басып кіруі мүмкін дегенді емес, қашан басып кіреді дегенді қарастыру керек. 2023 жылдың қаңтар-сәуір аралығында ол елімізге (Молдоваға) басып кіруді қарастырып жатыр деп бағамдаймын. Мұндай қауіп бар» - , дейді Александр Мустяцэ.

Еске салайық, бастапқыда «арнайы операция» деп аталған Ресейдің Украинаға басып кіргеніне он айға жуық уақыт болды.